"Аталар сөзі, Әжелер көзі" іс-шарасы
Ұлттық құндылықтар — әр халықтың мәдениетінің негізі болып табылатын, ғасырлар бойы қалыптасқан нормалар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тілі мен діні, өнері мен ғылымы, адамгершілік қағидалары. Балабақшада осы құндылықтарды балалардың бойына сіңіру, олардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру үшін тәрбие бағдарламасы біртұтас әрі жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында ұлттық құндылықтарды дамыту мақсатында "Қазақ тілі" апталығы ұйымдастырылып, "Аталар