Біз туралы » Страница 4 » КГКП"Ясли сад №148", Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№148 бөбекжай-балабақша"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 220-80-10
Әдіскер телефоны:
+7(727) 220-80-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тақырыбы: «Өрт қауіпті»
17
февраль
2025
Тақырыбы: «Өрт қауіпті»
Мектепалды "Таңшолпан" тобы Тақырыбы:  «Өрт қауіпті» Мақсаты: Төтенше жағдайлар, жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, балалардың ой–өрісін, тілін дамыту.Балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін түсіндіру.Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б қатерлі заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.
“Өлең-сөздің патшасы..” атты өлең оқу іс-шарасы.
14
февраль
2025
“Өлең-сөздің патшасы..” атты өлең оқу іс-шарасы.
КМҚК “148 бөбекжай-балабақшасы” Мектепалды “Таңшолпан”, “Архар”, ересек “Күншуақ” топтары арасында өткен “Өлең-сөздің патшасы..” атты өлең оқу іс-шарасы. Ұйымдастырушылар: Тәрбиешілер және  қазақ тілі маманы Асқанбаева М.
"Аталар сөзі, Әжелер көзі" іс-шарасы
14
февраль
2025
"Аталар сөзі, Әжелер көзі" іс-шарасы
Ұлттық құндылықтар — әр халықтың мәдениетінің негізі болып табылатын, ғасырлар бойы қалыптасқан нормалар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тілі мен діні, өнері мен ғылымы, адамгершілік қағидалары. Балабақшада осы құндылықтарды балалардың бойына сіңіру, олардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру үшін тәрбие бағдарламасы біртұтас әрі жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында ұлттық құндылықтарды дамыту мақсатында "Қазақ тілі" апталығы ұйымдастырылып, "Аталар
"Әке -асқар тау" іс-шарасы
12
февраль
2025
"Әке -асқар тау" іс-шарасы
Ұлт болашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу»  ұстанымына негізделеді. Балабақшамызда қазақ тілі апталығында "Әке -асқар тау" тақырыбында ата-анамен біріккен іс-шара өтті. Іс-шара барысында ата-аналар әсірес Әкелер жағы мақал-мәтелге белсене
"Ертегілер еліне саяхат" қазақ тілі апталығынан ертегі қойылымы.
11
февраль
2025
"Ертегілер еліне саяхат" қазақ тілі апталығынан ертегі қойылымы.
Мектепалды "Таңшолпан" тобы Ертегілер еліне саяхат Тақырыбы: “ Бауырсақ “ ертегісі. Мақсаты: Кіші топтың балаларына қонаққа бара отырып, балалардың жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге,балалардың қиялы мен қабілетін жетілдіру. Олардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Бір-бірін құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу
Ертегілер еліне саяхат. Тақырыбы: “ Бауырсақ “ ертегісі.
10
февраль
2025
Ертегілер еліне саяхат. Тақырыбы: “ Бауырсақ “ ертегісі.
Мектепалды "Таңшолпан" тобы Ертегілер еліне саяхат. Тақырыбы: “ Бауырсақ “ ертегісі. Мақсаты: Кіші топтың балаларына қонаққа бара отырып, балалардың жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге,балалардың қиялы мен қабілетін жетілдіру. Олардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Бір-бірін құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. Мектепалды тобы балалары кіші "Қонжық" тобыга ертегі сахналап өнер көрсетті. Қазақ апталығының бір күні.
Тақырыбы: "Балапан" жапсыру.
10
февраль
2025
Тақырыбы: "Балапан" жапсыру.
Тақырыбы: Балапан жапсыру. Мақсаты: Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту. Дайын суретті тары түйіршігімен бейнелеу дағдысын қалыптастыру.  Тәрбиеші: Кусебаева М.Б.
Тақырыбы: "Қолғап" жапсыру ұйымдастырылған  іс-әрекеті.
07
февраль
2025
Тақырыбы: "Қолғап" жапсыру ұйымдастырылған іс-әрекеті.
Тақырыбы: "Қолғап" жапсыру іс-әрекеті . Мақсаты: балаларды фигураларды қағазға орналастыруға, оларды мұқият жапсыруға үйрету; сөйлеуді, ойлауды дамыту; балалардың геометриялық фигура – квадрат туралы білімдерін бекіту; балалардың жауаптылығына тәрбиелеуді жалғастыру; ертегі кейіпкерлеріне көмектесуге деген құштарлықты ояту; шығармашылық белсенділікті, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Ересек "Құралай" тобы. "Қыс қызығы"
14
январь
2025
Ересек "Құралай" тобы. "Қыс қызығы"
Ересек "Құралай" тобы "Қыс қызығы"  Мақсаты: .  Қыс  мезгілінің  табиғи   ерекшеліктерін   меңгерту. Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.  Тәрбиелілік: Табиғатқа,  қоршаған  ортаға  деген     сүйіспеншілігін   арттыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Қысқы ойындар серуенде
13
январь
2025
Қысқы ойындар серуенде
Мектепалды "Қарлығаш" тобы Тақырыбы: Қысқы ойындар Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту,  қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.