25
апрель
2024
"Алматы ортақ үйіміз" балабақшада көгалдандыру жұмыстары
КМҚК "№148 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері мен ата-аналар бүгін бөбекжай ауласын абаттандыру жұмыстарына көмектесті. Тәрбиешілердің көмегімен балалар әдемі гүлдер және ағаштар



отырғызып, суару жұмыстарын атқарды. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттіліке санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті – балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге, тірі табиғатқа қамқор болуға үйрету.




