31
май
2024
№5 педагогикалық кеңес



КМҚК №148 бөбекжай-балабақшасында №5 қорытынды педагогикалық кеңес өтіп, 2023 – 2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Ұжым есепті мерзімде атқарылған іс-шараларды қорытындылап, жаңа оқу жылына арналған басымдықтар мен жоспарларды талқылады. Педагогикалық кеңесте әр маман жетекшілері жылдық жоспарды орындау аясында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Балабақша меңгерушісі Рая Заданқызы өз баяндамасында педагогикалық ұжым қызметінің негізгі аспектілерін қозғай отырып, 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жоспарларды пысықтады. Сонымен қатар, есепті мерзімде атқарылған жұмыстар бойынша қызметкерге алғыс хаттар мен құрмет грамотасы тапсырылды. Педагогикалық кеңес өте нәтижелі әрі мазмұнды өтті. Кеңес соңында балабақша меңгерушісі ұжымды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.