30
июнь
2025
Логопед жұмысы
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек.Тек сөйлеу тілінің бұзылу түрі ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-логопедиялық жұмысын мақсатты, нәтижелі ұйымдастырудың жағдайларын анықтайды. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тіліндегі бұзылыстың ішкі сырының ерекшлігін және ауқымдылығын анықтай білу қажет. Сөйлеу тілінің бұзылысының ерекшелігі мен оның күрделілігіне байланысты әрбір нақтылы жағдайға сәйкес тапсырмаларды пайдаланып тексеру ішінара жекеленген болу керек. Кешенді логопедиялық тексеру жұмысының мақсаты баланың сөйлеу тілі бұзылысының түрін анықтау және артикуляциялық аппарат құрылыс ерекшелігін бақылап,сөйлеу тілі бұзылысының ауырлығын, деңгейін диагностикалау болып табылады.