"Бәйшешек -алғашқы гүл, алғашқы мейірім" қалалық семинар » КГКП"Ясли сад №148", Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№148 бөбекжай-балабақша"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 220-80-10
Әдіскер телефоны:
+7(727) 220-80-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бәйшешек -алғашқы гүл, алғашқы мейірім" қалалық семинар
17
апрель
2026

"Бәйшешек -алғашқы гүл, алғашқы мейірім" қалалық семинар

 2026 жылдың 17 сәуірінде №148 бөбекжай-балабақшасында «Бәйшешек - алғашқы гүл, алғашқы мейірім» тақырыбында қалалық семинар өтті. Шара барысында «Жасыл балабақша» жобасының тиімділігі талқыланып, мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық сауаттылықты арттырудың заманауи әдіс-тәсілдері көрсетілді. Жиынға сала мамандары мен тәжірибелі әдіскерлер қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бұл кездесу болашақ ұрпақты табиғатпен үйлесімде тәрбиелеудің жаңа бағыттарын айқындап берді.
 Семинардың практикалық бөлімінде №148 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері «Бәйшешек — алғашқы гүл» тақырыбында бірнеше ерекше шеберлік сыныптарын көрсетті. Тәрбиешілер заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, балалармен жұмыс істеудің тиімді жолдарын паш етті:
* Дәстүрден тыс сурет салу: Бәйшешектің бейнесін мақта таяқшалары, жіп және бүрку әдістері арқылы салу жолдары көрсетілді.
* Эко-пластика: Қолданыстан шыққан материалдар мен табиғи заттарды пайдалана отырып, бәйшешек гүлін жасау арқылы балалардың экологиялық санасын ояту әдістері ұсынылды.
* Интерактивті әдістер: AR-технологиялар мен дидактикалық ойындар арқылы бәйшешектің табиғаттағы маңызы мен қорғауға алынған өсімдік екені туралы танымдық тапсырмалар көрсетілді.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив