Материалы за Ноябрь 2024 года » КГКП"Ясли сад №148", Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№148 бөбекжай-балабақша"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 220-80-10
Әдіскер телефоны:
+7(727) 220-80-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2024 года
Кіші "Құлыншақ" тобы
29
ноябрь
2024
Кіші "Құлыншақ" тобы
Тақырыбы: Қарды мүсіндеу. Мақсаты: Балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру; домалақтарды жасау арқылы бейне құрастыра білуді дамыту; Қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.  
Консультациялық пункт жұмысы
29
ноябрь
2024
Консультациялық пункт жұмысы
Дефектолог: Тилеубаева Г.О. Тақырыбы: Ұсақ моториканы дамыту жаттығулары Мақсаты: Ұсақ және моториканы дамыту. Екі қолдың да бағдарлауын арттыру. Алақан қол бұлшықеттерін дамыту. Жаттығу: «Түрлі-түсті моншақтарды өз ұяшығына сал» Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту. Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың негізгі түстер жайлы (қызыл, сары, жасыл, көк) білімдерін бекіту.
Марапат
29
ноябрь
2024
Марапат
Халықаралық "Бойтұмар"өнерлі балалар байқауының және Республикалық "Бойтұмар.кz"балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби-танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен бәйгеде,ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛ номинациясы бойынша "Архар"тобының тәрбиеленушісі Дәуренқызы Раяна қатысып ,1-орын иеленді .Музыка жетекшісі : Толендиева М.Т.
Мектепалды "Қарлығаш" тобы, "Бағдаршам" ойыны
28
ноябрь
2024
Мектепалды "Қарлығаш" тобы, "Бағдаршам" ойыны
Тақырыбы: "Бағдаршам" Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Консультациялық пункт жұмысы. Педагог-психолог кеңесі.
26
ноябрь
2024
Консультациялық пункт жұмысы. Педагог-психолог кеңесі.
Консультациялық пункт жұмысы.  Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған. Баланы мектепке дайындау ата — анаға кеңес. Мектепке келу — әр баланың  өміріндегі өтпелі  кезең. Оқудың басталуы оның  күнделікті тіршілігіне  өзгеріс  енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы,
Монтессори кабинетіндегі қызықты ойындар
21
ноябрь
2024
Монтессори кабинетіндегі қызықты ойындар
Кіші "Қонжық" тобы Монтессори кабинетіндегі қызықты ойындар Мақсаты:Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу,баланың логикалық ойлауын, сөйлеу қабілетін, қиялын,және ұсақ моторикасын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу, аймаққа бөлініп жұмыс істеуді дағдыландыру, еркін ойната отырып жаттығу жасау. 
Дефектолог жұмысы
19
ноябрь
2024
Дефектолог жұмысы
Дефектолог: Тилеубаева Гаухар Оразбаевна Үстел үсті ойыны: Түсін тап, атын айт,көлемін ажырат. Мақсаты: Балаларға түсті ажырата білуге дағдыландыру. Заттың көлемін ажыратуға,айтуға жаттықтыру. Сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.
Ересек "Құралай" тобы, Ашық іс-әрекеті.
19
ноябрь
2024
Ересек "Құралай" тобы, Ашық іс-әрекеті.
Ересек «Құралай» тобы Ұйымдастырылған іс әрекет. «Жемістер мен оның пайдасы»  Мақсаты:Көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Консультациялық пункт жұмысы
18
ноябрь
2024
Консультациялық пункт жұмысы
Психолог: Шәкібай Мөлдір Бауыржанқызы «Гиперактивті » балалармен жұмыс жүргізудегі психологиялық ерекшеліктер Мақсаты: Педагог мамандарға «гиперактивті» баланың психологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді бере отыра, «гиперактивті» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіру.