Консультациялық пункт жұмысы. Педагог-психолог кеңесі. » КГКП"Ясли сад №148", Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№148 бөбекжай-балабақша"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 220-80-10
Әдіскер телефоны:
+7(727) 220-80-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Консультациялық пункт жұмысы. Педагог-психолог кеңесі.
26
ноябрь
2024

Консультациялық пункт жұмысы. Педагог-психолог кеңесі.

Консультациялық пункт жұмысы. 

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған.

Баланы мектепке дайындау ата — анаға кеңес.

Мектепке келу— әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, үй тапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б. Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа  жағдайы ұнайды. Осы кезде  ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет.

-Көптеген «болады», «болмайды», «керек», «қажет», «дұрыс», «дұрыс емес» деген ескертулер бірінші сынып оқушысының алдынан шығады. Бұл ережелер мектеп өміріне, баланың жаңа оқу іс-әрекетіне байланысты. Оның көбі баланың  тілектері мен талаптарына қайшы келеді. Осының бәріне бейімделу керек. Бірінші сыныптың көптеген оқушылары бұл қиындықты жеңеді. Психологтер айтқандай, дені сау, жан-жақты, өзіне  сенген және  басқа  адамдармен қарым-қатынас жасай алатын бала мектеп өміріне оңай ене алады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив