Консультациялық пункт жұмысы "Мобильді кітапхана" » КГКП"Ясли сад №148", Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№148 бөбекжай-балабақша"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 220-80-10
Әдіскер телефоны:
+7(727) 220-80-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Консультациялық пункт жұмысы "Мобильді кітапхана"
14
апрель
2025

Консультациялық пункт жұмысы "Мобильді кітапхана"

Қазіргі заманғы кітапханалар ақпарат пен құжаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін оқырмандардың барлығына дерлік қолжетімді болу керек. Мобильді кітапхана – кітапхананың жаңа қызметі, тәжірибелік біліктілік, келешек.
Қазір адамдар интернет желісіне смартфондардың көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Бүгінде ата-анасы қазақша сөйлесе де, баласының тілі орысша шүлдірлеп шығатын отбасылар аз емес. Сондықтан үйдегі баланы смартфондағы контенттің тәрбиелеп отырғанын мойындауымыз керек. Бала экраннан көргенін ешкімнің үйретуінсіз, бағыт-бағдарынсыз қайталайды.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделінің» жаңалығын іске асыру аясында, әр топта кітап бұрышын ұйымдастыру қолға алынғаны, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру негізгі міндетке айналғаны белгілі. Осыған орай “ №148 бөбекжай-бақшасында кітап бұрышын ұйымдастырумен қатар ата-аналар мен балаларға арналған ерекше “Балалар мобильді кітапханасы” бар.
Мобильді кітапханада түрлі жанрдағы, атап айтсақ, “Халық” ертегілері, “Қиял- ғажайып” ертегілері, “Хайуанаттар” туралы ертегілерін   анимациялық ертегілерді тамашалауға болады. Ертегілердің барлығы дерлік балабақша тәрбиешілерінің даусымен жазылған. Сонымен қатар ертегілерді көру планшеттің немесе ұялы телефонның QR код программасы арқылы жүзеге асады. Осы орайда ата-аналар мен балалардың мобильді кітапханаға деген қызығушылығы жоғары екендігі байқалады. Оның дәлелі балалардың қызығушылығына қарай, ата-аналар балаларымен бірге отырып ертегілерді көруі. Басқа да қызыққан ертегілерінің QR кодын ата-аналар сақтап алып, балаларымен үй жағдайында да тамашалауда. Баланың жан жақты дамуы басты назарда. Бала – болашағымыз,сол үшін әр күнін қызықты, мағыналы, есте қаларлықтай өтуі үшін бөбекжай бақшада түрлі бағытта, жаңашаша сипаттағы жұмыстар қарқын ала береді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив