Консультациялық пункт жұмысы. Педагог-психолог кеңесі.
Консультациялық пункт жұмысы. Педагог-психолог кеңесі.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған.
«Дені сау баланы қалай өсіреміз»
Ата-ананың бірінші жұмысы – қауіпсіздік. Баланы қорғау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны кез келген жағдайда қалдырмау, баланы қауіпсіз түрде баға алатын адамдар жұмысын ұйымдастыру – ата-ананың мойнында. Балаға 1-1,5 жасқа дейін бір адам басыбайлы қараса, ол баланың бүкіл өміріне әсер ететін болады. Бұл өте маңызды.
Сексен пайыз жағдайда анасы қолжетімді, сезімтал, жылы, баласын түсіне алатын адам болу керек. Жиырма пайыз жағдайда өзінің жұмыстарымен отырып қалуы мүмкін. Кез келген жағдайда бала анасының көзіне қарайды. Мысалы, үлкенім велосипед тебеді. Өзінің ойынша ол велосипедті күшті етіп теуіп жатыр. Сол жағдайда бала бірден бізге (ата-анасына, — ред.) қарайды. Дәл осы сәтте ата-ана балаға қарап отырса, оның көзқарасын іліп алатын болса, «сенің не істеп отырғаныңды байқап отырмын» дегенді ұқтырса, бала келесіде одан да керемет іс жасауға ұмтылатын болады. Ата-ананың баланың алдындағы миссиясы – баланың өмірдегі саяхатын барынша жеңілдету. Артына, ата-анасына азырақ қарап, көбірек алдыға қарап әрмен қарай өмір сүруін қамтамасыз ету керек.
Кішкентай бала өмір есігін ашты, ол біздің қолымызда, еңбектеді, ол біздің жанымызда, одан кейін қараңғы бөлмеге кіргісі келді, біз оны қолынан ұстап бірге кірдік. Бір күні ол қараңғы бөлмеге өзі кіруі керек. Оның ішінде осыған дейін болған жақсы эпизодтардың нәтижесінде сыртқы ана емес, ішкі ана образы болады. Бәріміздің ішімізде ата-ананың ішкі образы бар. Үлкейе келе анаң жаныңда болмаса да, ол ішіңнен «қорықпа», «қолыңнан келеді» деп демеу жасайтын болады.