04
апрель
2025
Музыка іс-әрекетінен
Балабақша балаларына ән жанрының ерекше әсер ететінін көптеген ғалымдар дәлелдеп берген. Ән – тыңдаушы және орындаушыға бейнелі сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелердің де эмоциялық ұғу, түсіну сезімдерін оятады. Ұжымдық болып ән айту – қуаныш сезімін туғызады. К.Д. Ушинский «Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде адамды көңілдендіріп, сергітіп, еңбекке жұмылдыратын ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе бар. Міне, сол себептен де балабақшада әнді енгізу керектігі де сондықтан. Ол сезімді күшейтеді, жүректің қан тамырларына жақсы әсер етеді, сезімді тәрбиелейді. Сондықтан да ән баланың өмірлік серігі, оның бос уақытын толтырып шығармашылық ойына көмектеседі», — дейді. 



