Музыка іс-әрекетінен
Балабақша балаларына ән жанрының ерекше әсер ететінін көптеген ғалымдар дәлелдеп берген. Ән – тыңдаушы және орындаушыға бейнелі сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелердің де эмоциялық ұғу, түсіну сезімдерін оятады. Ұжымдық болып ән айту – қуаныш сезімін туғызады. К.Д. Ушинский «Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде адамды көңілдендіріп, сергітіп, еңбекке жұмылдыратын ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе бар.